Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Алдаспан

ШҚО-да «Жұлдызша» шайбалы хоккей турнирі басталды

ШҚО-да Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» ІІІ облыстық турнирі басталды

Новости спорта / Новости спорта Усть-Каменогорска и ВКО / ШҚО-да «Жұлдызша» шайбалы хоккей турнирі басталды
Фото:
ШҚО Ақпараттық орталығы
Бірінші болып мұз алаңына шыққан Өскемен және Семей қалалары арасындағы ойынды облыс әкімі Даниал Ахметов тамашалады.

 Облыс тұрғындарына салауатты өмір мен хоккей ойынын насихаттаған ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар хоккей алаңына конькимен шықты. Турнирде бірінші ойынды өткізгейі тұрған екі команда капитандарына дәстүрлі түрде шайбаны тастап, «Жұлдызша» маусымын бастады.

 – Біздің аймақ Қазақстандық хоккейдің отаны. Дәл осы мұз айдынында бағын сынап, жаттығып, облыстың кейін еліміздің намысын қорғаған бірнеше хоккейшілер шыққан. Сондықтан сіздерге де бүгінгі турнирде жеңіс пен сәттілік тілеймін, – деді Жақсылық Омар. 

 Жалпы саны 16 команда қатысып отырған «Жұлдызша» турнирі наурыздың 23-іне дейін жалғасады. Артынша тағы «Торпедо кубогы» турнирі өтіп, жеңіске жеткен команда республикалық чемпионатта облыс намысын қорғауға жолдама алады.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Хоккей Жұлдызша