Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Жоғарғы хоккей лигасының басты олжасы Өскеменге келді

2018/19 маусымның Петров Кубогін шығысқазақстандық "Торпедо" клубының ойыншысы алып келді

"Сарыарқа" құрамында ойнап, Петров Кубогі-2019 жеңіп алған қорғаушы Леонид Метальников хоккейсүйер қауымды қуантып, өзінің жетістіктері жайлы айтып берді.

Кездесу кезінде Леонид Метальниковтың алғашы жаттықтырушысы Александр Линев бастапқыда оны шабуылшыдан қорғаушыға ауыстыру туралы шешімі жайлы айтты. Бір кездері шабуылшы ретінде жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүрген Леонидке Александр қорғаушы болып көруді ұсынған. Осы орында ол Петров Кубогі-2019 иегері атанды. Леонид команда тыныс-тіршілігі жайлы сыр шертіп, қолдаушыларға алғысын білдірді.

Леонид Метальников жеңіске жетудің құпиясымен бөлісті.

- Ең бастысы, жаттығу. Өз-өзіңмен жұмыс жасау. Командалық жұмыс пен жаттықтырушының берген кеңесін ұмытпау керек. Жеңіс – бөлшектер жиынтығы. Сондықтан да жеңіске апарар жолың мен оған кімдердің үлесі тигенін ұмытпаған жөн. Менің алғашқы тұсауымды кескен шығысқазақстандық хоккей мектебіне алғыс білдіремін, - дейді хоккейші.

Естеріңізге сала кетейік, хоккейшінің жолы "Торпедо" клубында басталған. Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласының "Барыс" клубымен келісімшартқа отырған.

Следующая →