Алексей Полторанин тұтқыннан босатылды
Әлем чемпионатының басталуына дейін Австрияда ұсталған қазақстандық шаңғышы қамаудан босатылды, айып та тағылмады
Бұл туралы Ұлттық шаңғы федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова айтты.
- Алексей босатылды және ол қонақ үйде, бөлмесінде. Басқа қосар ақпарат жоқ. Соңғы жағдайдан, біз өзіміз, не болып жатқанын түсінбей қалдық. Әзірге Австриядан немесе WADA-дан ешқандай ресми құжаттар келіп түскен жоқ. Түсіндірмелер жоқ, ешқандай айып тағылған жоқ, - деді агенттікке Наурызова.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шаңғы спорты бойынша әлем чемпионаты өтіп жатқан Австрия полициясы жеті адамды, оның ішінде қазақстандық Алексей Полторанинді ұстады. Халықаралық шаңғы федерациясының (FIS) деректері бойынша тұтқындау ұзақ мерзімді допингке қарсы тергеудің бөлігі болды.
Қазіргі уақытта Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA), Халықаралық олимпиадалық комитет және Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) қазақстандық шаңғышылардың ұсталуының себептерін айтқан жоқ. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі А. Полторанин допингке қатыспағанына сенімді. Федерация спортшыға тыйым салынған заттардың ешқашан пайдаланылмағанын айтады.
Қазіргі уақытта Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының Бас хатшысы Андрей Невзоров Австрияда, сондай-ақ Қазақстан консулдығының қызметкерлері жанжалды шешуге қатысады.