Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Устинка

"Арлан" Еуропаның континенталды кубогын жеңіп алды

Көкшетау қаласының "Арлан" ХК Белфастда өткен (Солтүстік Ирландия) "Белфаст Джайантс" командасын 3:2 (2:0, 0:0, 0:2, 0:0, 1:0) есебімен жеңді

Континенталды Кубокты алу 2019 жылдың 17 қаңтарында, 12:03 Қазақстан құрамасы тарихында алғашқы жеңіс болып тіркелді.

Жеңіс шайбасы Өскемен қаласының хоккейшісі Евгений Гасниковтың еншісінде, деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі.

Финалға барар жолда "Арлан" Белоруссиялық "Гомель" - 8: 2 (4:0, 3:1, 1:1) және Польшалық "Катовице" - 4:2 (3:0, 0:2, 1:0) командаларымен кездесті. Континентальдық Еуропа Кубогының финалдық матчында "Белфаст Джайантс"  Солтүстік Ирландия хоккей клубымен кездесті.

Екіуініңде қоржынында алты ұпайдан болды. Қазақстандық команда бірінші кезеңде - 2:0 есебінде болды. Ал үшінші кезеңде, бір минут ішінде есеп 2:2- ге теңесті.

Шешуші шайбаны қарсыласының қақпасына Евгений Гасников соқты.

Өскемен қаласының "Торпедо" командасының бұрынғы қақпашысы Иван Полошков чемпиондардың қақпасын қорғады. Бұған дейін осы ойынға үш қазақстандық команда қатысқан болатын. Олар: "Қазмырыш-Торпедо" (3 орын, 2008), "Атырау бейбарыс" (2 орын, 2017), "Astana Nomad" (2 орын, 2018).

Евгений Гасников Континенталды Кубоктағы Қазақстанның алғашқы жеңісіне қалай жеткені туралы айтып берді.

- Алған әсерлеріңіз туралы айтып беріңізші?

- Тек жағымды әсерлер болды. Танымал "Титаник" жасалған және іске қосылған қалаға бару біз үшін өте керемет! Белфаст маған ұнады! Турнирдің өзі жақсы өтті, мұнда бәрі жоғары деңгейде болды. Жеңіске деген жауапкершілік мені тастап кетпеді, мені барынша күш-жігерімді салып ойнауға мәжбүрледі.

- Голды соққан сәтте, жеңіске жеткендеріңізді ойлаған қандай әсерде болдыңыз?

- Сол сәттегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Команданың тапсырманы орындағанын түсіну, біз үшін мақтаныш болды.

- Біздің Өскемен қаласында 2015/2016 маусымында ойнадыңыз. Болашақта өзіңіздің туған қалаңызда мансапты жалғастырғыңыз келе ме?

- Хоккейдің тағдыры туралы кім біледі. Қазір мен өте қуаныштымын және әлі де осы "Арлан" командадасында барымды салып ойнаймын!

Следующая →