Қазақстан хоккейшілері қонақ ойындардың барлығын жеңіп шықты
2018-2019 жылдарға арналған Жоғарғы хокккей лигасы ойындары әлі жалғасуда
Өскемендік "Торпедо" Краснояр қаласының "Сокол" клубын жеңсе, қарағандылық Сарыарқа Новокузнецк қаласының "Металлург" клубын жеңді
Өскемендік хоккейшілермен кездескен красноярлық спортшылар ойынның алғашқы минуттарында-ақ абырап қалды. Торпедоның екі ойыншысы екі шайбы салып үлгерді. Алға кеткен қонақтарды "қуып" жетуге уақыттары болғанымен, ресейлік ойыншылар есеп теңестіре алмай біраз "терледі". Ал ойынның соңғы минуттарында өскемендік клуб қарқынын күшейтіп, жаттығу залында жүргендей шайбаны бірінен кейін бірін салып, барлығы 7 шайбы салып, жергілікті команданы толықтай талқандап тастады.
Бұл ойыннан кейін "Торпедо" турнир тізімінде 15-ші орынға келіп тоқтады.
Қазақстандық тағы бір клуб "Сарыарқа" сібірдің "Металлург" хоккейшілернің қақпасына екі шайба тастап, жеңіп қайтты.
Ал "Торпедоның" келесі кездесуі Ангарс қаласында "Ермак" клубымен өтпек.