Юлия Галышева өзін мойындатты
ҚР ҰОК тұжырымы бойынша қысқы спорт түрінен үздік спортшы атанған Юлия Галышева Әлем кубогі-2018/2019 I кезеңінде өзінің мықтылығын дәлелдеді
Финляндияның Рука қаласында Әлем кубогі-2018/2019 I кезеңі өтті. Оған шығысқазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Дмитрия Рейхерд, Павел Колмаков пен Александр Геберт қатысқан.
Могулден Қазақстанның үкілеген үмітін артқан Юлия Галышева Рукадағы трамплиннен тамаша қарғып, могул тасжолымен жоғары жылдамдықпен жүріп өтті.
Төрешілердің пікірінше, екі әрекеттен кейін ол 81,4 ұпай жинады. Ал 82,6 ұпаймен таудан 2018 жылғы Олимпиада чемпионы француз Перрен Лаффонт бірінші келді. Яғни, Юлия жеңіпмаздан небары 0,78 ұпайға артта қалған.
Үшінші орынды американдық Тесс Джонсон (75,85) алса, жерлесіміз Аяулым Әмренова 31-орынға (17,52) табан тіреді. Ал тағы бір танымал фристайлшы, өскемендік Дмитрий Рейхерд біліктілік ірікетеуінен өтіп, финалдық кезеңде бесінші болып келді (76,76 балл). Бұл осы маусым бастамасындағы жақсы әрі үміт сыйлайтын нәтиже. Павел Колмаков 20-шы, Александр Геберт 50-ші. Ал бұндағы үштік: Майкл Кингсбери (Канада) – 88,14, Бенжамин Каве (Франция) – 86,45, Уолтер Уолберг (Швеция) – 82,38.