Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Устинка

"Торпедо" мен "Сарыарқа" Сраов пен Тамбов ойыншыларына еш мүмкіндік бермеді

ЖХЛ-дың алғашқы кезеңінде сәтсіздікке ұшыраған қазақстандық командалар кешегі ойында өз жанкүйерлерін бір қуантты

ЖХЛ-2018/2019 дәстүрлі чемпионатында Өскеменде "Торпедомен" ойнаған "Саров" ХК 6:1 (1:0, 3:1, 2:0), Қарағандыда "Сарыарқамен" ойнаған "Тамбов" - 5:1 (2:0, 2:0, 1:1) есебімен жеңіліс тапты.

Тартысты өткен "Торпедо" мен "Саров" ХК матчында бірінің барлық шайбасы қарсылас қақпасына өтіп кетіп отырса, енді бірінің жолы мүлде болмады. Осы жолы торпедолықтардың айы оңынан туды. Алғашқы кезеңде Кирилл Полозов есеп ашты. Ал екінші 20 минутта қарсыластарына тағы үш гол салды (Талгат Жайлауов, Андрей Виноградов, Никита Куракин) – есеп 4:0. Алайда "Саров" ХК өз мүмкіндіктерін қалт жібермей, бір шайбаны қарсылас қақпасына салып үлгерді, 4:1 (Владимир Зарубин). Соңғы кезеңде торпедолықтар тағы екі гол салып, айқын басымдылықпен жеңді - 6:1 (Никита Куракин, Аркадий Шестаков). Тіпті ойын соңында шабуылшы Евгений Рымарев "Саров" форварды Михаил Смолинмен жаға жыртысып қалды.

Сол уақытта "Сарыарқа" да өз айдынында "Тамбов" ХК ұтты. Алғашқы 30 минутта төрт гол салып үлгерген - 4:0 (Антон Жихарев, Эмиль Нургалиев, Айрат Зиазов, Леонид Метальников). Осыдан кейін сарыарқалықтардың арыны бәсеңдеп қалғанымен, үшінші кезеңде қарсыласына бесінші шайбаны салды - 5:0 (Олег Ломако). "Тамбов" ХК да дес бермей, бір шайбаны қарсылас қақпасына кіргізіп үлгерді – 5:1 (Тимур Шингареев).


Следующая →