Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да халықтық спорт ойындары аяқталды

Өскеменде Астана қаласының 20 жылдығына орай, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне өткен ХХІ халықтық спорт ойындары өз мәресіне жетті

Спорттық шара бес күнге жалғасты. Мамырдың 23-27 аралығында өткен халықтық спорт ойындары бағдарламасына барлығы 22 спорт түрі енді. Айта кетейік, олардың ішінде воркаут спорты осы жылы алғаш рет өтті. Сайыстың жабылу салтанатына 

- Баршаңыз ұдайы спортпен айналысуды жалғастыра түсіңіздер. Жоғары нәтиже көрсеткен аудандарға тек сәттілік, ал алдағы Елбасының жүлдесіне өтетін халықтық спорт ойындарында өңір намысын қорғайтын саңлақтарымыз тек биіктен көрінсін демекпін, – деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.

Аталмыш жарыстың соңғы күні қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, жорға жарыс, 3,2 шақырымдағы бәйге жарыс, аламан жарыс, көкпар, 15 шақырымдағы бәйге жарысының үздіктері белгілі болды. Жиналған жұрт назары 25 шақырымдық аламан жарысы мен көкпар ойынына ерекше ауды. Сайыс басынан Көкпекті, Тарбағатай аудандарының құрамалары жүлделі орынға бекініп келгендігін байқатты. Қос ұжым мұның алдында өткен халықтық спорт ойындарында да өздерін үздік қырынан көрсеткен. Бұл жолы көкпектілік команданың мерейі үстем болып, облыстық жарыстың жеңімпазы атанды. Мұндағы қызық жайт, ұпай санының тең болуына қарай, Өскемен қаласының көкпаршылары да бірінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Тарбағатай ауданының командасы түйіндеді. 25 шақырымдық аламан жарысында бас жүлдеге, яғни облыс әкімі тағайындаған автокөлікке Аягөз ауданының шабандозы Елжан Ерболұлы ие болды. "Көгершін" атты сәйгүлікті тізгіндеген жас өрен мәре сызығына өзгелерден оқ бойы озық жетті. Екінші орынға "Әлімқасқа" атты тұлпар мінген жармалық

Бағдәулет Ерболов табан тіреді. Ал, жүлдегерлер қатарын "Қызыласық" сәйгүлігімен Тарбағатай ауданының өкілі Дархан Ұлағат қорытындылады. Айта кетейік, бұл додада үздік нәтиже көрсеткен қатысушылардан команда жасақталып, Маңғыстау өңірінде өтетін республикалық бәсекеде аймақ намысын қорғамақ.

Тартысқа толы өткен халықтық спорт ойындарында қалалар арасында 375 ұпаймен Өскемен қаласының спортшылары топ жарды. Семей қаласы 339 ұпай еншілеп, жүлделі екінші орынға жайғасса, Риддер қаласы 159 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Аудандар арасында Тарбағатай ауданы құрамасы ешкімге дес бермеді. Олар 320 ұпаймен топ бастады. Екінші орынды 257 ұпаймен Ұлан ауданының командасы иеленсе, Абай ауданы биылғы жылы 248,5 ұпай жинап, үздік үштікті қорытындылады.

Следующая →