«Гауһар лига» өкілдері Шығысқа келді
Жеңіл атлетикадан Гауһар лигасының «Weltklasse Zurich” соңғы кезеңінің өкілдері облыс орталығына арнайы ат басын тіреді
Гауһар Лигасының өкілдері Қазақстанға үлкен тәжірибелік қоржынын ала келген. Өкілдер сәуірдің 11-інен бастап Өскеменнің ірі спорт кешендерінде жеңіл атлетикадағы әлемдік тәжірибемен бөлісетін болады.
- Бұл менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Ең біріншіден, мен Қазақстанның спорттық хал-ахуалымен танысу үшін келдім. Содан кейін, жастар арасында спортты дамыту үшін үздік американдық үлгі және спортта елеулі жетістігі бар басқа да елдердің жаттығу түрлерімен таныстыратын боламын, - деді «Гауһар Лига» соңғы кезеңінің бірлескен директоры щвейцариялық Хёдигер Андреас.
Сондай-ақ, Хёдигер Андреастың айтуынша, Қазақстанда қандай спорт түрлерін енгізуге, қазақстандықтарды неге бейімдеуге болатыны туралы айтып, әр түрлі тәжірибелік алаңдарды қарастыратын болады. Оның ішінде, теориялық, әдістемелік, тіпті педагогикалық тәжірибе де бар.