Қазақстан құрамасы үшін Пхёнчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарының бесінші күні аяқталды
Өскемендік фристайлшы Юлия Галышеваның қола жүлдесі Қазақстанның спорт тарихындағы атаулы оқиғалардың бірі болды
Алты үздік фристайлшылардың арасындағы үшінші кезеңде Юлия 77.40 балл жинап, марапат тұғырына көтерілді. Тағы бір өскемендік фристайлшы Аяулым Амренова 17-орынға тұрақтады. 30 шақырымдық шаңғы скиатлонында Виталий Пухкало 34-ші, Евгений Величко - 43-ші (+4:43.9) болып келді. 10 шақырымдық қысқа қашықтық биатлонының Роман Еремин 43-ші, Владислав Витенко – 79-ші, Василий Подкорытов – 80-ші, Максим Браун – 85-ші орында. Шана спортында Никита Копыренко үш айналымнан кейін 34-ші орын алды.
12 ақпанда Қазақстанның спортшылары спорттың төрт түрі бойынша сынға түседі. Бүгін финалға шығатын могулшы Дмитрий Рейхердтен қазақстандықтар үмітті. Рейхердпен бірге әзірге жетінші орында тұрған Павел Колмаков та сынға түседі. Сонымен қатар, бүгін 1500 метрге конькимен жарыс өтеді. Олимпиаданың мұз алаңына Қазақстанның атынан осы спорт түрінен аттанған жалғыз ару Екатерина Айдова шығады. Із қуа жарысудан ерлер мен әйелдер жарысы бастау алса, Мария Григорова алып слаломнан тау шаңғысы бойынша өнер көрсетеді.
Орын Ел Алтын Күміс Қола Барлығы
1 Германия 3 0 1 4
2 Нидерланды 2 2 1 5
3 Норвегия 1 4 3 8
4 АҚШ 1 1 0 2
5 Австрия 1 0 0 1
5 Франция 1 0 0 1
5 Швеция 1 0 0 1
5 Оңтүстік Корея 1 0 0 1
9 Канада 0 3 1 4
10 Чехия 0 1 1 2
11 Италия 0 0 1 1
11 Қазақстан 0 0 1 1
11 Ресей 0 0 1 1
11 Финляндия 0 0 1 1
Следующая →

Медальдар есебі
Орын Ел Алтын Күміс Қола Барлығы
1 Германия 3 0 1 4
2 Нидерланды 2 2 1 5
3 Норвегия 1 4 3 8
4 АҚШ 1 1 0 2
5 Австрия 1 0 0 1
5 Франция 1 0 0 1
5 Швеция 1 0 0 1
5 Оңтүстік Корея 1 0 0 1
9 Канада 0 3 1 4
10 Чехия 0 1 1 2
11 Италия 0 0 1 1
11 Қазақстан 0 0 1 1
11 Ресей 0 0 1 1
11 Финляндия 0 0 1 1