Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Олимпиадалық стипендия иегері атанды

«Олимпиадалық ниеттестік» бағдарламасы аясында 24 қазақстандық спортшы олимпиадалық стипендия иегерлері атанды

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған тізімге Қазақстан жеңіл атлетикасының жарық жұлдызы, Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова да енді.

Халықаралық Олимпиада комитеті іріктеп алған спортшылар, Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары ретінде, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ХОК-нің қосымша қаржыландыруына ие болмақ.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олимпиадалық стипендия алатындар қатарына жеңіл атлетикадан Қазақстанның жарық жұлдызы Ольга Рыпакова енді. Сонымен қатар, ХОК стипендиянттар қатарына Назым Қызайбай, Галбадрах Отгонцэцэг, Елдос Сметов, Василий Левит сынды еліміз бойынша үздік 23 спортшыны енгізді.

Айта кету керек, ХОК бағдарламасының аясында ҚР Ұлттық Олимпиада Комитеті өткен жылы халықаралық федерациялар өкілдерінің қатысуымен жеңіл атлетика, бокс, таеквондо, шайбалы хоккей және шаңғы жарысы сынды спорт түрлеріне бойынша біліктілікті арттыруға арналған бапкерлік және төрешілік курстар ұйымдастыруға жәрдемдескен.

Мұнымен қоса, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті тапсырыс жазылғаннан бастап ХОК-не тиісті есеп беру үшін барлық үрдісті сүйемелдей отырып, ұлттық федерацияларды ХОК-нің бағдарламасына қатысуға белсенді түрде шақырады.

Следующая →