Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жеңіс тұғырынан көрінді

Шығысқазақстандық спортшылар Канаданың Тремблан қаласында өткен фристайл могулден әлем Кубогі кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізді

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ерлер арасында жарыс жолына шыққан 60 спортшының ішінен Дмитрий Рейхерд 88.44 ұпай жинап, қола медальға қол жеткізді. Бұл жолы тұғырдың ең биік сатысына 93.88 ұпаймен жапониялық фристайлшы жайғасты. Күміс медаль 93.27 ұпай еншілеген тәжірибелі канадалық Майкл Кинсберриге бұйырды.

Ал бұрымдылар арасында барлығы 49 спортшы өзара мықтыны анықтады. Шығысқазақстандық Юлия Галышева бұл сында 84.61 ұпайын жинап, әлем Кубогі кезеңінің қола медалін иеленді. Канадалық спортшы 87.43 ұпаймен жарыста топ жарды. Ал, жүлделі екінші орын 85.36 ұпай иемденген тағы бір канадалық фристайлшыға бұйырды.

Айта кету керек, әлем Кубогі кезеңінде өзге де шығысқазақстандық спортшылар өнер көрсетті. Атап айтсақ, аталған доданың қорытындысы бойынша Аяулым Амренова 41-орын, Павел Колмаков 37-орын және Дмитрий Бармашов 21-орыннан көрінді.

Следующая →