Жеңіл атлетші Рыпакова Қазақстан қоржынына 8-ші медаль сыйлады
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ұзындыққа үш қарғып секіру жарысында Ольга Рыпакова қола жүлдеге ие болды
Фото:
astanafans.com
Жерлесіміз бесінші мүмкіндігінде 14,74 метрге секіріп, қола жүлдесін қанағат тұтты.
Бұл сайыста алтын жүлдені колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) алды. Күміс жүлде венесуэлалық Юлимар Рохасқа (14, 98м) бұйырды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қоламен 16-шы орында тұр.
Тақырыптар:
Казахстанские медалисты на Олимпиаде в Рио