Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
-2.39
533.75
-2.22
¥
67.85
-0.21
5.36
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Нұрбек Оралбай Олимпиада алтыны үшін жұдырықтасады

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңді

Новости спорта / Новости спорта в мире и Казахстане / Нұрбек Оралбай Олимпиада алтыны үшін жұдырықтасады
Фото:
ҚР Туризм және спорт министрлігінен

Төрешілер есебі: 3-2, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен.

Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Олександр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай - былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Осы орайда айта кеткен жөн, бұрымдылар арасындағы бокста да бір жүлде бұйырғалы тұр. Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыққан болатын. 50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы колумбиялық Ингрит Валенсияны жеңді.
Енді Назым финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. Келесі сайыста қытай сплртшысымен кездеседі.

Следующая →