Өскемен
облачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +30°
$
519.64
-0.75
609.23
-0.35
¥
72.53
-0.04
6.62
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атағын иеленді

Нұр-Сұлтан қаласында өткен 2019 жылдың әлем чемпионаты I дивизионында Қазақстан құрамасы таза жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының шешуші ойынында Қазақстан құрамасы Венгрия құрамасын 3:1 (0:0, 1:0, 2:1) есебімен жеңді.

Венгрия біздің құрамаға тегеурінді қарсылық көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде екі құрама да бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ал екінші кезеңнің 24-минутында қазақстандық Никита Михайлис мергендік танытты. Бұдан кейін Венгрия сапынан Иштфан Шофрон ойынның 42-минутында есеп айырмасын қысқартты. Ал 58-минутта қазақстандық Евгений Рымарев гол соқты.

Осылайша біздің құрама Әлем чемпионатының бірінші дивизионының А тобындағы барлық ойында жеңіске жетті. Өз тобында бірінші орын алды. Екінші орын Беларусь құрамасына бұйырды. Дегенмен беларусь жігіттері бүгін Оңтүстік Корея құрамасынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Ал Словения Латвияны 9:0 есебімен ойсырата жеңді.

Қазақстан хоккейшілері алдымен Словенияны 3:2 есебімен жеңсе, одан кейін Литвадан 3:1 есебімен басым түсті. Үшінші турда Оңтүстік Кореяны 4:1 есебімен жеңді. Ал 4 мамырда Қазақстан құрамасы басты қарсыласы - Беларусьті овертаймда 3:2 есебімен жеңіп кетті.

2020 жылдың әлем чемпионаты Жоғарғы дивизионының додасы 8-24 мамыр аралығында Швецарияның Лозан мен Цюрих қалаларында өтеді.

Следующая →