Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұрсұлтан Назарбаев арнайы Олимпиада ойындарының ашылуына қатысты

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты

Абу-Дабидегі бұл спорттық шара өзінің ауқымымен таңқалдырды, деп жазды 24.kz сайты.

7,5 мың спортшы, 2,5 мың жаттықтырушы, 20 мың ерікті. 49 500 адамға арналған Шейх Заед стадионы адамға лық толы. Дәл мұндай ауқым бұрын-соңды арнайы олимпиада тарихында болып көрген жоқ.

Америкадан бастау алған Олимпиада, араға 50 жыл салып тұңғыш рет Таяу Шығыста өтіп жатыр. Әлемдік деңгейдегі шараға әмірліктердің әзірлігі ерекше. Абу-Дабидегі бұл жазғы ойындар Арнайы олимпиаданың тарихында қалары сөзсіз.

Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне Абу-Дабидің тақ мұрагері Заид әл Наһаянның шақыруымен Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Сөйтіп, қазақ президенті дипломатиядағы досына қодау көрсетіп ғана қоймай, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп жатқан көмектің жоғарғы деңгейін растап берді. Елбасы бұған дейін спортшылар мен жаттықтырушыларға сәттілік тілеп, бүкілхалықтық қолдауды жеткізген еді.

Следующая →