Қырғызстанда өткен III көшпенділер ойыны аяқталды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсіміне Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев қатысты
Көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша, жалпы есепте 40 алтын, 32 күміс және 31 қола медаль алған Қырғызстан командасы бірінші орын иеленді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Екінші орын алған Қазақстан командасының қоржынында 18 алтын, 24 күміс және 34 қола медаль бар.
Үшінші орынды 17 алтын, 12 күміс және 27 қола медаль ұтқан Ресей командасы еншіледі.
Бұдан кейінгі орындарда Түркіменстан (27 медаль), Өзбекстан (33 медаль), Венгрия (12 медаль), Иран (12 медаль), Украина (9 медаль), Моңғолия (17 медаль) және Түркия (6 медаль) командалары тұр.
Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 56 елден келген 50 телеарна, 12 радиостанция, 67 ақпарат агенттігі мен 48 газеттің өкілдері – 600-ден аса журналист хабар таратты.
Қырғызстан Туризм департаментінің басшысы Азамат Жамангуловтың айтуынша, егер 2016 жылы ойындардың ашылу салтанатын тамашалауға Қыршын жайлауына 30 мыңға жуық адам қатысса, биылғы ашылу рәсіміне 150 мың адам қатысқан. 2016 жылы Көшпенділер ойындарына 20 мыңға жуық шетелдік келген, ал биыл олардың саны, алдын ала мәлімет бойынша, 60 мыңнан асқан.
Следующая →