Қазақстан құрамасы Азиада-2018 жабылу салтанатына қатысты
Командалық есепте Қазақстан 9-шы орынға табан тіреді
Джакартадағы Азия ойындары ресми түрде аяқталды. Индонезия астанасында Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы саны 76 медаль жеңіп алды. Азиада төрінде еліміздің әнұраны 15 рет шырқалып, 17 спортшымыз күміс, 44 спортшымыз қола жүлдегер атанды.
Командалық есепте Қазақстан 9-шы орынға табан тіреді.
Азиада қорытындысы бойынша Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттері көш бастады.
Қазақстандық спортшылар велоспорт, байдарка мен каноэде ескек есу, көркем гимнастика, самбо мен джиу-джитсудан қос-қостан алтын жеңіп алды.
Сондай-ақ, карате, жеңіл атлетика, дзюдо, су добы және семсерлесуден бір алтыннан бар.