Қазақстандық мергендер Азия ойындарында бесінші орын алды
Пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан командасы Азия ойындарын бесінші орынмен аяқтады
10 метрге нысана көздеуде Владимир Исаченко мен Зәуреш Байбосынова финалға өткен болатын, деп хабарлайды ҚР ҰОК сайты. Өкінішке қарай, біздің мергендер жүлделі орынға іліге алмады. Олар жалпы есебі 323.9 ұпай жинаған.
Бұл спорт түріндегі алтын жүлдені Қытайлық команда жеңіп алды. Кореялықтар екінші, вьетнамдықтар үшінші орында.