Хорватия құрамасы ӘЧ-2018 финалына жетті
Жартылай финалда Хорватия Англия құрамасын жеңді және Франциямен әлем чемпионы атану үшін шешуші матчта ойнауға мүмкіндік алды
Матч Мәскеуде "Лужники" стадионында өтті және 2:1 есебімен Хорваттың пайдасына аяқталды.
Есепті 5-ші минутта ағылшын ойыншысы Киран Триппьер ашты. Хорватиялықтар 68 минутта ғана Иван Перизичтің қақапаға доп салуымен есепті теңестіре алды.
Енді финалда Хорватия 15 шілдеде Франциямен "Лужники" стадионында ойнайды. Англия 14 шілдеде Санкт-Петерборда бельгиялықтармен үшінші орынға таласады.