Әлем Чемпионатының алғашқы финалисі анықталды
Франция Бельгиямен кездесіп, оны жеңіп, финалға жолдама алды
Екі елдің құрамалары Санкт-Петербург қаласында кездесті. Есеп 1:0 есебімен аяқталды. Ал голды ойынның 51-ші минутында Самюэль Юмтити салды.
Ойын тамашалауға 64 мың адам келді.
Франция құрамасы 2006 жылдан бері бірінші рет финалға шығып отыр.
Алдағы уақытта жартылай финал кездесуін Англия мен Хорватия өткізеді.
Ал Бельгия құрамасы үшінші орын алу үшін тағы бір кездесу өткізеді.
Әлем Чемпионатының финалы 15 шілде күні Мәскеуде өтеді.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Первый финалист ЧМ-2018 Чемпионат мира по футболу 2018 



