Швеция құрамасы неміс командасының кешірімін қабыл алды
Футболдан Швеция құрамасының капитаны Андреас Гранквистың айтуынша, оның командасы Сочидегі Германияға қарсы матчта орын алған оқиғадан кейін мықтырақ бола түсті
- Мұндай нәсілшілдік пікірлерге жол беруге болмайды. Біз өз ойымызды анық жеткіздік. Мұндай іске жол бермеу керек. Орын алған оқиға әрине бізге әсер етті. Алайда аталған оқиғадан кейін біздің команда мықты бола түсті, - деп мәлімдеді А. Гранквист.
Оның айтуынша, швед командасы неміс құрамасының кешірімін қабыл алды.
Швеция құрамасының бас бапкері Янне Андерссон неміс командасының тәртібін спортқа жат деп атады.
Неміс командасы орын алған оқиға үшін матчтан кейінгі күні кешірім сұрады.