Британияда жанкүйерлер үшін ӘЧ-2018 ойындарының артықшылықтары анықталды
Британиялық жанкүйерлер үшін рубльдің айырбастау бағамы мен қымбат емес азық-түлік футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатын ең қолжетімді қылады
Британияда ӘЧ-2018 кезінде Ресейдегі тағам мен қалада тұрудың орташа құнын алдыңғы елдердегі бағалармен салыстыратын зерттеу жасалған, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жанкүйерлер арасында сұранысқа ие бургер, сыра және газдалған сусындардың құны Ресейде алдыңғы чемпионаттарға қарағанда 2-3 есе арзан. Ресейде Бразилия мен Францияға қарағанда жалғыз қымбат сусын ол – кофе.
Бұдан басқа, британдық жанкүйерлерді Ресейдегі пәтер құны да қуантады. Пәтердің бағасы Ұлыбританиядан әлдеқайда төмен.
Футболдан әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтпек.