Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Монғолияда өткен турнирде төрт қазақстандық спортшы медаль алды

Монғолияның Ұлан-Батыр каласында еркін және әйелдер күресінен "Mongolia Open" халықаралық турнирі мәресіне жетті

Жарыстың алғашқы күні жүлдесіз қалған қыздар құрамасы бүгін ел қоржынына бірден төрт медаль салды. Атап айтсақ, 76 келіде күрескен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова финалда монголиялық балуанды ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Дәл осы салмақта күрескен Гулмарал Еркебаева қола жүлдеге ие болды.

68 келідегі Жамилә Бақбергенова мен 53 келідегі Айгүл Нуралім тиісінше күміс және қола медальдарды жеңіп алды. Айта кетейік, Айгүл қола медаль үшін белдесуде қазақстандық тағы бір бойжеткен Мадина Рамазановамен шығуы керек болатын. Алайда, Мадинаның жарақатына байланысты жеңіс Айгүлге берілді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қуат Әміртаев (61 келі) пен Олег Болтин (125 келі) "Mongolia Open" турнирінің қола жүлдегерлері атанды.


Следующая →