Фристайл могулдан Қазақстан құрамасының бапкері спортшылардың жүлде алатынына сенімді
Сондай-ақ, ол атап өткендей, егер Юлия Галышева Қазақстан атынан өнер көрсетпесе, ол жүлделі орынға ілікпей қалуы мүмкін еді
Фристайл могулдан ұлттық құраманың бапкері Елена Круглыхина Юлия Галышева иеленген үшінші орынға қатысты өз ойын білдірді, деп Zakon.kz сайты хабарлайды.
- Біз алтын жүлде алар едік. Алайда біраз жылдамдық жетіспеді. Бұл қобалжуға байланысты. Юлия жүлдесіз қалғанның орнына осындай медальді алуға сол жерде бел буған, - деді бапкер.
Сонымен қатар бапкер бұған дейін Галышеваға өзге елдер – Ресей немесе Канадаға көшу туралы ұсыныстар айтылғандығы жайлы пайымдады.
- Бірнеше ұсыныстар жасалды. Сочиге дейін де, кейін де ұсыныстар болды. Бір айтатыным, оларда ешбір медаль болмаушы еді, себебі жүлде тек бізде ғана болады. Бұдан кейін де медальдар аламыз. Менің пікірім мүлтіксіз. Егер Галышева ресейлік құрамаға ауысқанда, бәлкім ешқандай жүлдесіз қалушы еді, - дейді ол.