Пхенчханде Олимпиада ауылы ашылды
Олимпиада ауылының ашылуы 1 ақпан күні өтті
Ашылу салтанатына Олимпиада ойындары-2018 ұйымдастырушы компаниясының басшысы Ли Хи Бои мен Оңтүстік Кореядағы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Ли Ки Хын қатысты. Олимпиада ойындарына қатысушы елдердің туы көтеріліп, спортшылары таныстырылды. Солтүстік Кореяның да туы көтерілді.
Олимпиада ауылы таудың етегіне орналасқан әрі екі бөліктен тұрады. Мұнда шаңғы, тау шаңғысы, биатлон, сноуборд сынды спорт түрлеріне қатысатын спортшылар бөлек орналасқан да, хоккей, мәнерлеп сырғанау, өзге де атлеттер екінші жерге орналасқан.
Ауылға, шамамен, жеті мың адам сияды. Кешен аумағында банк, мейрамхана, дүкен, пошта, киім жуу, киім тазалау, сұлулық салоны, фитнесс-орталық сынды орындар ашылған.