8 жастағы ақтөбелік бала турникке тартылудан рекорд орнатпақ
Жас спортшы Гиннестік рекордтар кітабына кірмек және мұны істеуге мүмкіндіктері де айтарлықтай жоғары
Өзімен жасты балалар компьютер ойнап отырғанда сегіз жастағы Мұса Түркімбаев бірнеше сағат бойы шынығу алаңында дайындалады, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты. Ол дайындығын үш жасынан бері жалғастырып келеді.
- 5 жасымда – 10 рет, 6 жасымда – 20 рет, қазір 41 рет тартыламын. 55 рет тартылып рекорд орнатқымыз келеді, - дейді спортшы.
Баланың турникке деген сүйіспеншілігін анасы оятқан. Кейін спорттық жаттығуына әкесі араласқан. Отағасы да ұлының есімі Гиннестің рекордтар кітабына жазылғанын армандайды.
Қазіргі таңда 14 жасқа толмаған балалар арасында біріншілікті Украиналық қыз ұстап тұр. Өзінің жеті жасында ол 30 рет тартыла алған.
Следующая →