Silk Way Rally марафонында қазақстандықтар үшінші орынға жайғасты
«Ұлы Жібек жолы» кезеңі бойынша Чебоксара–Уфа бағытындағы жарыста астаналық жарысушыларға үштікке енді
Silk Way Rally трансконтиненталдық марафонының екінші кезеңінде қазақстандық Astana Motorsports командасының өкілдері сайыс барысында ондықтың ішінде болса, жарыстың аяғына қарай 3-ші орынға сытылып шықты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.
Артур Ардавичустың экипажы бірінші және екінші орынға жайқасқан голландтық Мартин ван ден Бринк пен Жерар де Ройдан жеңіліс тапты. Қорытынды есеп бойынша «Астана» командасы үшінші орынды иеленді. Жарыс жолы 797,33 шақырым қашықтыққа жалғасты, оның 157 шақырымы арнайы учаске болып табылады.
«Жібек жолының» келесі кезеңі Уфа-Қостанай тас жолы бойынша өтеді. Қазақстанның командасы Башкирияның астанасынан жергілікті уақыт бойынша сағат 5:45-те кетіп, 329 шақырымға созылған арнайы учаскелік жолға шығады. Жарыс жолының қашықтығы артуда, үшінші кезеңде жарыстың жол қашықтығы 876 шақырымды құрайтын болады. Команда елордаға 11 шілде күні жетеді деп күтілуде.
Следующая →