WADA Алматыдағы антидопингтік зертхананы тіркеуден бас тартты
Бүкіләлемдік WADA антидопингтік агенттігі Алматыдағы және Блумфонтейндегі (ОАР) антидопингтік зертханалардың тіркеуін жойды
WADA ақпараты бойынша, тіркеуден бас тарту себебі техникалық құжаттар мен (ISL) зертханалардың халықаралық стандарттарын сақтамауға байланысты орын алған.
Екі зертхана да WADA-ның атқарушы комитетімен қабылданған шешім туралы ақпараттандырылды және шешім 30 күн ішінде күшіне енеді.
Қазақстанда бұл шешімге байланысты 21 күн ішінде шағым беруге болады.
Естеріңізге саламыз, 2016 жылдың 24 маусымында WADA Алматыдағы антидопингтік олимпиадалық зертхана тіркеуін төрт айға тоқтатып тастаған болатын.