ШҚО-да шаңғы жарысынан ел біріншілігі басталды
Риддерде шаңғы жарысынан ҚР Чемпионаты басталды. Республиканың әр аймағынан келген 100-ден астам спортшы сиатлон, аралас эстафетадан бақ сынамақ

Фото:
ШҚО Ақпараттық орталығы
Айта кетсек, бұл қысқы ойындар маусымының соңғы Чемпионаты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Универсиада, Азиада және Әлем біріншілігінде ел намысын қорғаған спортшылар үшін ағымдағы маусым жемісті болды.
– Соңғы уақытта ұзақ жылдар бойы жақсы көрсеткішке жете алмаған аймақтардан шаңғы жарысынан чемпиондар шығып жатыр. Мүның өзі жас жеткіншектер мен жастар арасында бәсеке туғызады. Осылайша қысқы спорт түрі дами түспек, – деді олимпиадалық резервтегі арнайыландырылған республикалық мектеп-интенат-колледж директоры Владимир Кнауб.
Сондай-ақ, бірер күннен кейін Риддерде биатлоннан ел чемпионаты басталмақ.
Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
ШҚО-да шаңғы жарысынан ел біріншілігі басталды 



