ХОК Ильинді олимпиада төсбелгілерінен айырды
Дпоинг тексеруін қайтара жүргізген Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильинді 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында алған алтын төсбелгілерінен айырып, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойды
- Халықаралық Олимпиада комитеті тәртіптік комиссиясының шешімімен «А» және «В» қосымша тексерулерінің нәтижесі бойынша 2008 жылы Пекинде және 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада Ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақтағы қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы ойындардындағы біліктілігенен айрылып, нәтижелері күшінен айрылды және марапаттары қайтарылды, - деп жазған ҰОК хатында.
Біліктілігінен айыру уақыты туралы шешімді IWF Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қабылдайды. ХОК Пекин мен Лондондағы Олимпиада ойындарындағы допинг тексерудің екі толқынын өткізді. Оның қорытындысы бойынша тексерулері нақты болған спортшылардың нәтижелерін комитет жоққа шығарды.