Карякин мен Карлсен жетінші рет тең түсті
Ресейлік Сергей Карякин мен норвег Магнус Карлсен ойындары жетінші рет тең аяқталып, шахмат бойынша әлем чемпионы атағын ала алмай әлек
- Партия өте қызықты өтті. Кезекті рет тең түсті деп алдануға болмайды, себебі кейбір сәттерде қызықты қиындықтар туындады. Менде артық пешка болды, бірақ Карлсен қамал тұрғызғандықтан мен позициямды күшейте алмадым және ақырында – тең түсті. Мұндай болып тұрады және ештеңе істей алмайсың.
Әрбір Партияда Магнус тосын сый дайындауға тырысады, оның жақсы дайындалғаны көрініп тұр, бірақ біз де дайын боламы, - деді Карякин Карлсенмен өткен ойыннан кейін.
Шахматистер арасындағы жетінші кездесу Нью-Йиоркте өтті және алдыңғы алты ойын сияқты тең аяқталды. Ресейлік ақ тастармен ойнады. Қарсыластар 33-ші қадамнан кейін тең түсті деген қорытындымен келісті. Жеті кездесудің қорытындысы бірдей – 3,5:3,5.
Естеріңізге саламыз, әлемдік шахмат тәжіне норвег Магнус Карлсен мен ресейлік Сергей Карякин арасындағы жарыс Нью-Йоркте 11 және 30 қараша аралығында өтіп жатыр. Қарсыластар классикалық уақыт бақылауымен 12 партия ойнайды. Егер нәтижесі тең аяқталса тай-брейк жарияланады. Жарыстың марапат қоры – бір миллион доллар.
Следующая →