Беларус спортшылары Риодағы Паралимпиада ашылуында Ресей туын көтеріп шықты
Беларус спортшыларының құрамасы Паралимпиада ойындары 2016 ашылу рәсіміндегі ұлттар шеруінде Ресей туымен шықты
Осыған дейін бұл республиканың Паралимпиада комитетінің төрағасы Олег Шеппель белуарустар Риоға ресей туымен шығатындарын айтқан болатын. Халықаралық паралимпиада комитеті беларус делегациясының бұл қадамын саяси қарсылып деп танитындарын айтқан болатын
«Егер ашылу рәсімінде беларус спортшылары ресей туларымен шығатын болса, бұл ұлттық паралимпиада комитетіне немесе/және аталмыш спортшыларға қатысты саяси қарсылық деп танылады», - дейді ХПК баспасөз-қызметі
Еске салсақ, ресей спортшылары 7-18 қыркүйек аралығында өтетін Паралимпиада ойындарына қатыса алмайды. ХПК команданы жарыстарға қатыстырмады. Мұндай шешім WADA тәуелсіз комиссиясының басшысы Ричард Макларенның допинг пайдаланды деген паралимпиада спротшыларының тізімі туралы баяндамадан соң келген. ХПК шешімін Ресейдің осыған сай шағымын қабылдамаған Спорттық төрелік сот та қолдап отыр.
Ресейде паралимпиадалықтар үшін баламасы жарыстар ашылды. Жарыста 18 спорт түрінен 263 спортшы қатысады.