Путинцева WTA рейтингісінде 42 орынға көтерілді
Әйелдер теннис ассоциациясы спортшылардың рейтинг парағын жаңартты, деп хабарлайды Sports.kz
Неміс спортшысы Анжелик Керберден сәл артта американдық Серена Уильямс орналасса, артынша испандық Гарбин Мугуруса келеді.
Ал қазақстандықтар арасында бір аптаның ішінде 43-орыннан 42-орынға көтерілген Юлия Путинцева тұр. Ярослава Шведова 50-орыннан 52-орынға түсіп қалды. Ал Зарина Дияс боса, 134-орыннан 133-орынға көтерілді.
Ярослава жұптық классификацияда 5-жолда қалды, ал оның бұрынғы серіктесі, үнділік теннисші Сания Мирза көш басында.