Гвинея құрамасының екі спортшысы Рио Ойындарынан қайтпады
Жүзуші Амаду Камара мен дзюдошы Мамадама Бангура өз үйлеріне қайтқылары келмеді. Чалубтың болжауынша олар Бразилияды заңсыз экономикалық мигранттар қалпында қалып қойды
Жүзуші Камара топтың Гвинеяға қайтатын уақытынан екі күн бұрын жоғалып кеткен, ал дзюдошы Бангура құраманың қатарынан әлдеқайда бұрын үзіліп кеткен. Қыз «өз бақытын шетелден іздеп көргісі келетінін» айтып хат қалдырып кеткен. Спортшының құрбысы дзюдошының өз еліне медальсіз қайтқанына ұялып, «дамушы мемлекеттен» жұмыс тауып көрмек екенін айтты.
Бұл спортшылардың үйлеріне қайтқысы келмеген бірінші жағдай емес. Олимпиада-2012 ойындарынан кейін ондаған Африкандық спортшы отандарына қайтпаған. Камерун, Эритрея және Кот-д’Ивуардан шыққандар Англяида қалып қойған. Кейіннен, олардың тек үшеуі Ұлыбританиядан саяси бассауға сұраған.