Ресейден тартып алған 22 лицензияны АҚШ паралимпиадашыларына берді
Рио-де-Жанейродағы 2016-ойындарынан шеттетілген Ресей құрамасының лицензияларын қайта бөлінгеннен кейін, АҚШ құрамасы қосымша 22 лицензия алды
Бұл туралы АҚШ Паралимпиада комитетінің сайтында хабарланған.
Ресейліктер шеттетілмей тұрып АҚШ құрамасында барлығы 267 лицензия болған. Ресей мен АҚШ делегациясы ойындардағы ең саны басым құрамалар болуы керек еді. Енді американдықтар Паралимпиада ойындарына 289 спортшысын жіберуге құқылы.
7 тамыз күні Халықаралық паралимпиадалық комитеті Ресей құрамасын спортшылары допинг қабылдады деген негізде халықаралық жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады. 15 тамыз күні РПК Спорттық төрелік сотына апелляцияға бергенімен, 23 тамыз күні CAS талапты қабылдамай кері қайтарды.