19 тамыз күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылар
Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының 14-ші күнінде қазақстандық атлеттер жеті спорт түрі бойынша сынға түседі
Астана уақытымен сағат 18.00-де байдарка мен каноэда ескек есу бойынша Алексей Дергунов жарыс жолына шығады. Спринт. Ерлер. Байдарка-жекелей. 200 метр. Іріктеу кезеңі.
18.37-де байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Әйелдер. Байдарка-төрттік. 500 метр. Іріктеу кезеңі. Спортшылар: Зоя Ананченко, Ирина Подойникова, Наталья Сергеева, Инна Клинова.
Одан кейін Астана уақытымен сағат 18.51-де байдарка мен каноэда ескек есу. Спринт. Ерлер. Байдарка-төрттік. 1000 метр. Іріктеу кезеңі. Спортшылар: Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Андрей Ергучев, Александр Емельянов.
Астана уақытымен сағат 18.00-де таеквондо. Әйелдер (67 келіге дейін). 1\8 финал. Спортшы: Жансель Дениз. Жансель сағат 21.30-да жарыс жолына шығады.
Еркін күрес Астана уақытымен сағат 19.16. Тікелей эфир («KazSport»). Ерлер (74 келіге дейін). Іріктеу. Спортшы: Ғалымжан Өсербаев.
Астана уақытымен сағат 19.16-де еркін күрес. Тікелей эфир («KazSport»). Спортшы: Нұрислам Санаев. Ерлер (57 келіге дейін). 1\8 финал.
Көркем гимнастика Астана уақытымен сағат 21.00. Тікелей эфир сағат 23.45-те («KazSport»). Жекелей көпсайыс. Іріктеу. Спортшы: Сабина Әшірбаева.
Астана уақытымен сағат 21.00-де қазіргі бессайыс. Әйелдер. Жүзу. Спортшы: Елена Потапенко.
Жеңіл атлетика Астана уақытымен сағат 23.30-де. Әйелдер. 20 шақырымға спорттық жүру. Спортшылар: Полина Репина, Флорида Миниянова, Диана Айдосова.
Бокс Астана уақытымен сағат 00.15-де. Тікелей эфир («Хабар»). Ерлер (+91 келі). Жартылай финал. Спортшы: Иван Дычко.
Астана уақытымен сағат 00.30. Тікелей эфир («Хабар») бокс. Әйелдер (75 келіге дейін). Жартылай финал. Спортшы: Дариға Шәкімова.