Қазақстанның қоржынына үшінші алтынды боксер Елеусінов салды
69 келіде ел намысын абыроймен қорғаған Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы атанды
Финалда Данияр өзбек боксшысы Шахрам Гиясовты 3:0 (29:28, 29:28, 29:28) таза жеңді.
2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында Бақыт Сәрсекбаев алтын жүлденің иесі атанды. 4 жыл өткеннен кейін Лондондағы «Алтынды» Серік Сапиев қанжығасына байлады. 2016 жылы Рио-Де-Жанейрода өткен Олимпиадада бокстан алтын медальді Данияр Елеусінов жеңіп алды.
2004 жылы Афинада өткен Олимпиадада бокстан алтын алған Бахтияр Артаевты ты бұл тізімге қосуға болады. Ол сол кезде 67 келі салмақта жеңіске жетті. Ал ол кезде 69 келі деген салмақ мүлдем болмаған.
Елеусіновтың «Алтыны» Қазақстанның қоржынындағы үшінші медаль. Ұлттық құраманың қоржынында барлығы 11медаль