Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан құрамасының Риодағы 15 тамыз күнгі жарыстарының қорытындысы

Риодағы Олимпиада ойындарының оныншы күні отандық атлеттер 7 спорт түрінен ойын көрсетті

Новости спорта / Новости спорта в мире и Казахстане / Итоги выступлений сборной Казахстана на играх в Рио 15 тамыз
Фото:
timeskz.kz
Олимпиаданың оныншы жарыс күні грек-рим күресінен 130 келіге дейінгілер арасындағы бәсеке өтті. Бүкіл ел үміт артқан негізгі балуанымыз Нұрмахан Тінәлиев алғашқы айналымда-ақ жарыстан шығып қалды. Ол бірінші кездесуінде германиялық Эдуард Поппқа жол берді. Осылайша 28 жастағы жерлесіміз үшін Рио Олимпиадасы сәтсіз аяқталды.

Айта кетейік, осының алдында 59 келіге дейінгілер арасында Алмат Кебіспаев пен 75 келіге дейінгілер арасында Досжан Қартықов та бозкілемдегі бәсекелерін осы іріктеу сындарында тоқтатқан болатын.

Ал апалы-сіңлілі Немичтер үшін де Олимпиада сәтсіз аяқталды. Синхронды жүзуден ел намысын Екатерина және Александра есімді қос ару қорғаған. Аталған спорт түрінен Қазақстаннан жолдама алған да солар. Бірақ, іріктеу сынында олардың жолы болмады. Техникалық бағдарлама қорытындысы бойынша 162.86 ұпай жинап, 24 жұптың арасынан 15-орынға тұрақтады. Ал финалға тек алғашқы 12-сі өтеді.

Бұған қоса Қазақстан қоржынындағы тағы бір жалғыз жолдама велотректен болған. Жерлесіміз Артем Захаров омниум бәсекесі бойынша сынға түсіп, жалпы есептің тек 10-сатысына орналасты. Қазақстандық спортшының жинаған ұпайы – 111. Ал Олимпиада алтынын италиялық Элиа Вивиани жеңіп алды. Оның ұпайы – 207.


Следующая →