Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандықтардың Олимпиада ойындарындағы бүгінгі күннің анонсы

Бүгін Рио-де-Жанейрода Олимпиадалық ойындарда қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша өнер көрсетеді

Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де пневматикалық винтовкадан оқ атуға Юрий Юрков шығады.

Сондай-ақ 18:00-де финалда медаль үшін садақшылар жарысқа шығады, олар: ерлер арасында Сұлтан Дүзелбаев және әйелдер арасында Луиза Сайдиева.

Сағат 18.30-дан бастап, академиялық есу жарысында жеке сында Светлана Германович пен Владислав Павловтың жұбаныш финалы өтеді. 19.00-де татамиге 73 келіге дейінгі салмақ санатында дзюдошы Дидар Хамза шығады.

22.10-да есу слаломында жарыс басталады, онда ел намысын Екатерина Смирнова қорғайтын болады. Рингке отандық бокс мектебінің үш өкілі шығады: 2:00-де 49 келіге дейін салмақта Біржан Жақыпов, 3.30-да 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы, ал сағат 4.00-де 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит шығатын болады.

8 тамызда қазақстандықтардың жарысқа қатысуын 62 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін ауыр атлет Фархад Харки аяқтайды.

Следующая →