Олимпиадаға Қазақстаннан 8 ауыратлет қатысады
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ресми аккаунтында ағымдағы жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға баратын зілтеміршілердің тізімін жариялады
Халықаралық Олимпиада комитеті бекіткен тізімде 91 елдің 260 спортшысы бар. Олардың ішінде сегіз қазақстандық бар. Атап айтқанда, олар Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін), Александр Зайчиков (105 келіге дейін), Маргарита Елисеева (48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).
Ауыр атлетикадан жалпы жиынтығы 15 медаль ойнатылады.
2016 жылғы Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода 5-21 тамыз аралығында өтеді.