Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығысқазақстандық спортшы армрестлингтен әлем чемпионы атанды

Жарма ауданының тумасы Зарина Примак мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы әлем чемпионатында алтынға ие болды

Жарыстар Румынияның Констанца қаласында өткен.

Бұл Зарина Примактың алғашқы жүлдесі емес. Шар қаласының тұрғыны бұған дейін Азия чемпионы, әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы, Әлем кубогінің иегері.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысында ерекше қажеттілігі бар 2150 адам спортпен айналысады.

- Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында талантты әрі қабілетті жандар көп. Біз олардың әрқайсының жетістігіне қуанамыз. Олардың дене шынықтыру және спортпен айналысуына спорттық нысандар бейімделіп, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, жаттығу залдары, бассейн, стадион мен спорттық алаңдар тегін. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін параолимпиадалық және ұлттық спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді. Мектеп қабырғасында спорттық үйірмелер ұйымдастырылып, балалар-жасөсіпірмдер спорт мектебінде тегін секция қызмет етеді, - деді ШҚО Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бойынша бөлім басшысы Дина Байбудинова.

2015 жылы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен ерекше қажеттілігі бар жандар үшін спорттық клуб ашылған. Онда үстел ойындары, жүзу, пауэрлифтинг, теннис, футбол, хоккей, жеңіл атлетика, коляскадағы би, армрестлинг, парадзюдо, ат спортынан, Спешиал Олимпикс секциялар жұмыс істейді. Клубка үнемі 490 адам келеді.

Следующая →