Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Валерий Чернов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да шайбалы хоккейден облыстық турнир аяқталды

Өскеменде балалар мен жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден көп кезеңді "Жұлдызша" облыстық турниры өз мәресіне жетті. Жарыстың жабылу салтанаты өтіп, ойын қорытындысы белгілі болды

Шайбалы хоккейден "Жұлдызша" облыстық балалар-жасөспірімдер сайысының ақтық ойындары облыс орталығында 1-5 наурыз аралығында өтті. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтау үшін айдын иелерінен бөлек, Семей, Риддер қалаларының және Глубокое, Зырян аудандарының жас хоккейшілері жарыс жолына шықты.

- Құрметті қатысушылар іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, бес күн бойы жүлделерді сарапқа салдыңыздар. Сіздерді алдағы уақытта елішілік жарыстарда аймақ намысын абыроймен қорғайды деп сенемін, - деді ШҚО әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

Үздіктер кіші және ересек топтар арасында анықталды. Кіші топ бойынша, жүлделі 3-орын Глубокое ауданының хоккейшілеріне бұйырды. Дәл осы жас ерекшелігі бойынша күміс медаль Зырян ауданы құрамасының қоржынына кетті. Кіші топ арасындағы шайбалы хоккейден облыстық "Жұлдызша" балалар-жасөспірімдер сайысының жеңімпазы атағына Өскемен қаласының командасы қол жеткізді. Ересек топтар арасында үздік үштікті Зырян ауданының ұжымы түйіндеді. Жарыстың күміс жүлдесі Риддер қаласынан келген командағы бұйырса, Семей қаласының құрамасы аталған сайыста топ жарды.

Ұйымдастырушылар үздік ойын өрнегін көрсеткен бірқатар ойыншыларды арнайы марапаттады. Атап айтқанда, кіші топ арасында Глубокое құрамасының ойыншысы Бекзат Мусин "Облыстық "Жұлдызша" балалар-жасөспірімдер турнирінің үздік шабуылшысы" деп танылды. Ал жоғары топтар арасында дәл осы марапатқа семейлік Мансұр Нұрпейісов ие болды. Кіші топта жарыстың "Үздік қорғаушысы" деп өскемендік Дмитрий Бокарев танылса, ересек топ арасында Зырян ауданы командасының ойыншысы Дмитрий Уланов аталған марапатқа ие болды. Глубокое ауданы құрамасының мүшесі Иван Агапкин "Үздік қақпашы" марапатына лайық деп танылды. Сонымен қатар "Жұлдызша" хоккей бәсекесінің "Үздік қорғаушы" атағын риддерлік Кирилл Каменев иеленді. Сондай-ақ, "Хоккей сүйер клуб" АҚ Ұлан ауданының командасына арнайы сыйлық табыс етті. Ал ең үздік жаттықтырушы номинациясына Эрик Байболов лайық де табылды.

Следующая →