Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатында 4 медаль иеленді

Италияның Ольбия қаласында дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт медальға ие болды

Бұл туралы Қазақстанның Дзюдо федерациясының ресми сайтында хабарланған.

Әлем Чемпионатының алғашқы күнінде сынға түскен татами шеберлері арасында екі қазақстандық дзюдошы жеңіс тұғырынан көрініп, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді.

М7 категориясы бойынша 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ардагер балуанымыз Нурлан Жарашуев финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, финалда канадалық Поланд Ангустан айласын асыра алмады.

М8 категориясында 90 келіге дейінгі салмақта бағын сынаған отандасымыз Анатолий Веклич қола медаль үшін белдескен жұбаныш белдесуінде украиналық Олександр Носеньконы иппонмен жеңіп, қола медальді қанжығалады.

Әлем Чемпионатының екінші күнінде қазақстандықтар медальсыз қалған жоқ. М3 категориясы бойынша 90 келіге дейінгі салмақта Денис Коробков пен дәл осы салмақ дәрежесінде белдескен Даурен Мұқышев қоржынға қос қола медаль салды.

Естеріңізге сала кетсек, Италияның Ольбия қаласында өтіп жатқан дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем Чемпионаты 3 қазанға дейін жалғасады.

Следующая →