Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +15°
$
447.15
+1.01
485.74
+0.87
¥
61.83
+0.15
4.8
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Шығыс Қазақстан облысында веложарыс өтеді

5-13 тамыз аралығында «Қазақстан оқушысы-2017» атты көпкүндік веложарыс өтеді. Бұл жарыс биыл 48-ші рет өткізіліп отыр

Велосипедшілер Өскемен қаласынан бастап, Ұлан және Глубокое ауданындағы ауылдарға дейін жарысады. 6 тамыз күні сағат 9.00-де жарыстың ашылу салтанаты болады. Ал сағат 10.00-де елу шақырымға жарысатын қатысушылар стартқа келіп, жарыс кезеңін бастайды. Елу шақырымдық топтық жарыс «Шешек» асуынан басталады да, Бозанбай ауылына дейін созылады. Велосипедшілер ауылдың шетінен кері бұрылып, мәре сызығына - «Шешек» асуына қарай бағытталуы керек. 

Ал 7 тамыз күні алпыс шақырымдық, 8 тамыз күні жетпіс шақырымдық топтық жарыс өтеді. Ал 10 тамыз күні он бес шақырымдық жекелей жарыс басталады. Жарыс Солнечный кентінен басталып, Бобровка кентінен (Глубокое) кері бұрылады. Ал 11 тамыз күні тағы да елу шақырымдық веложарыс басталып, қатысушылар Шешек асуы мен Бозанбай ауылы арасында жарысады. 

12 тамыз күні алпыс шақырымдық веложарыс Ушанов кентінен (Глубокое) басталады. Ал 13 тамыз күні Сатпаев-Карл Маркс көшелері бойында жиырма шақырымдық жарыс өтеді. Осы күні жарыстың жабылу салтанаты болады.
Следующая →