Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Бес қазақстандық ММА-дан Азия чемпионатының «алтынына» күреседі

Алдын ала жекпе-жекте қазақстандық спортшылар жартылай финал сайысын өткізген болатын

ҚазАқпарат хабарлап отырғандай, 16 маусым күні Сингапурде ММА-дан Азия біріншілігінің ақтық сайыстары өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының бес спортшысы жартылай финалдық жекпе-жектерді сәтті аяқтап, чемпионаттың жоғары жүлдесі үшін күресу мүмкіндігіне ие болды.

Алдыңғы айқастардың қорытындысы бойынша, қазақстандық сегіз жекпе-жекші жартылай финал ойындарын өткізді.

Сайыстардың үшінші күнін халықаралық ареналарда Қазақстанның намысын қорғап жүрген Аян Тұрсын ашты. Палуан қыз алғашқы екі раундта малайзиялық Амира Махтарға толассыз шабуыл жасап, үшінші раундта қарсыласы ойынды тоқтатуды сұрады.

Қазақстандық тағы бір спортшы Ерназ Мұсабек бахрейндік Хусейн Абдулламен жекпе-жекке шықты және алғашқы раундта-ақ буындыру тәсілін қолданып, жеңіске жетті.

Олжас Молдағалиев те британдық Раф Возаның жеңіске жетуіне еш мүмкіндік бермеді.

Төрешілер швециялық Дэниэл Шаландерден басым түскен тағы бір спортшы Бекзат Жасияның ақтық ойынға шығуына бірауыздан шешім шығарды.

Өкінішке орай, Қазақстан ұлттық құрамасының жекпе-жекшісі Джохар Таймусханов тейкдаунды сәтсіз орындап, швециялық қарсыласы Тобиас Хариланың нокаутына ұшырады.

Жан Кенжебаев пен Швециядан келген Аксель Карлсон арасындағы күрес те тартысты өтті. Үш раунд бойы қос палуан беріспеді. Төрешілердің пікірі екіге жарылып, жеңіс қазақстандыққа бұйырды.

Мейрамбек Демеубаев алғашқы екі раундта австралиялық Джозеф Лучанрға басымдық беріп, үшінші раундта ғана өз шеберлігін көрсете алды. Бірақ, төрешілердің шешімімен австралиялық жеңімпаз деп танылды.

Қазақстандық команданың жартылай ауыр салмақ санатын Құдайберген Төлеубаев түйіндеді. Оның жеңіске жетуге барлық мүмкіндіктері болды, алайда төрешілердің шешімі басқа болды. Соңында, жеңіс Имад Хоаектің еншісіне берілді.

Үш күндік сайыстың қорытындысы бойынша, Қазақстан қоржынында әзірге үш қола медаль бар. Бес спортшы ММА бойынша Азия чемпионатының алтыны үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, 12-16 маусым күндері Сингапурде UFC апталығы аясында жауынгерлік аралас жекпе-жектен Азияның ашық чемпионаты өтіп жатыр. Оған әлемнің 15 елінен 66 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасының тоғыз жекпе-жекшісі сегіз салмақ санатында ел намысын қорғауда.  

Следующая →