Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская алтын медаль иеленді

 28 қысқы бүкіләлемдік Универсиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская спринттен алтын медаль иеленді.

Алғашқы айналымды жоғары жылдамдықпен басып өтіп, атудан бір қателік жіберген спортшы 6-шы орыннан көрінген. Бірақ жылдамдығының арқасында алдыңғы орынға суырылып шығып, екінші айналымда атудан қателік жібермеді.

–  Өткенде таяғым сынып, винтовканың ұңғысына қар толып қалғандықтан уақыт жоғалтып алған едім. Бүгін ауа-райы қолайлы болды, – деді Универсиада ойындарының алтын медаль жүлдегері Галина Вишневская

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасынан қатысқан Дарья Усанова мен Анна Кистанова 7-ші және 8-ші орындардан, ал Анна Райкова 12-ші орыннан көрінді. Галинадан кейінгі 1-ші және 2-ші орындар украиналық пен ресейлік биатлоншылар еншісінде.

 Айта кетсек, Галина Вишневская осыған дейін 15 км қашықтыққа жүгіруден күміс медальға қол жеткізген болатын.

Следующая →