Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддерде көпсалалы спорт кешені ашылды

Жаңа спорт кешенінде күреске, жеңіл атлетика, көркем гимнастика, баскетбол, волейбол, футбол және өзге спорт түрлерімен айналысуға болатын арнайы залдар бар

Риддер қаласында ҚР Тәуелсіздігі күнінде 200 орындық көпсалалы спорт кешені ашылды. Барлық жоғарғы талаптарға сай құралдармен және тренажерлармен жабдықталған кешен бір мезетте бірнеше спорт түрінен жаттығу жұмыстарын жүргізуге қауқарлы. Кешеннің ашылу салтанатына қатысқан ШҚО әкімінің орынбасары Қуат Тұмабаев Риддер қаласының тұрғындарын тәуелсіздік күнімен құттықтап, тілегін білдірді. Құны 180 млн. теңге құраған кешенде баскетбол, футбол, волейбол сынды спорт түрлерінен бөлек, жеңіл атлетика, күрес, дзюдодан жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, жуықта кешенге қарасты көркем гимнастика мектебі ашылады деп жоспарлануда. – Олимпиадалық спорт түрі болып саналатын көркем гимнастикаға қазір жастар арасында қызығушылар саны артуда. Сондықтан алдағы уақытта көркем гимнастика мектебін ашуды жоспарлаудамыз, – деді Риддер қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Нұрғалиев. Кешеннің ашылу салтанаты 2003-2004 жылғы жасөсіпірмдер арасындағы шағын футболдан облыстық чемпионатқа ұласып, аймақтың түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынасты.
Следующая →