Жапонияда тайфун салдарынан 1,6 млн адам эвакуациялануда
Жапонияның оңтүстік-батысында "Хайшен" тайфунына байланысты шұғыл эвакуация жарияланды
Мәліметтер бойынша тайфун елдің алты префектурасындағы 1,6 млн-нан астам адамға қауіп төндіруде. Сонымен қатар 11 префектурадағы тағы 6 млн адам эвакуациялану туралы ұсыным алды, деп жазды 24.kz сайты.
Тайфун Жапон аралдарына қатты жаңбырмен, жойқын желмен және жоғары толқындармен келген.
Қазіргі уақытта желдің күші секундына 40 метр, екпіні секундына 60 метрге дейін жетеді. Қазірдің өзінде апаттың құрбандары бар: Кюсю аралында 24 адам жарақат алған. Кюсю мен Сикоку аралдарын елдің қалған бөлігімен байланыстыратын 579 ішкі рейс тоқтатылды. Кюсю аймағында 464 мың және Ямагучи префектурасында 47 мың 900 үй жарықсыз қалды.
Следующая →