Жапонияға жойқын Тайфун жақындап келеді
"Хагибис жойқын күші мен келтіретін шығын қаупіне қарай Токиоға 1958 жылы төнген "Ида" тайфунына теңеледі
Бұл тайфуннан жүздеген адам зардап шегуі мүмкін, деп жазады Новости РАА сайты. Токионың шетіндегі елді мекендерге жеткенше тайфун жылдамдығы сәл бәсеңдеуі мүмкін. Дауылды желден өзге, үлкен толқындар мен нөсер ала келеді.
- Бүкіл елде екпінді дауыл күтіледі. Көшкін жүріп, үлкен толқын жүріп, су тасқыны болуы мүмкін. Дауыл жеткенше халық тез арада қауіпсіздік шараларына қамдануы керек, - деп хабарлады метеорологтар.
Тынық мұхитының Жапония жағалауына жеткенше бір-екі күн бар.
Осыған орай, Жапония 800 рейті шегерді. Тіпті, темір жол, автожолдар мен жағалаудағы қозғалыс та тоқтатылды.